ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Қазақстандықтардың коммуналдық қарызы осы жазда 13 млрд-тан асты

Қазақстандықтардың коммуналдық қарызы осы жазда 13 млрд-тан асты

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының қарызы 3,7 млрд-қа жеткен. Сосын Алматы мен маңғыстаулықтардың қарызы көп. Елдегі тарифтік қызметтердің құны арзан деп атой салғанмен, қарыз өсіп бара жатыр. «Мұны шешудің бір жолы – қарызы бар пәтерлерді сату мен сатып алу қатынасын реттеу», – дейді мамандар. Сонымен жаңа пәтердің ескі қарызын кім төлеуі керек? 

Берсе қолынан, бермесе жолынан. Сот орындаушылардың басты принципі осы. Коммуналдық қарызды төлеуге кейбірінің шынымен жағдайы болмаса, енді бірі сараңдық танытады. Қарыз өтеу – парыз. Борышкердің мүлкін тәркілеу, елден шығуға тыйым салу, көлігін айыптұрағына қою. Қарызды өндірудің де, одан жалтарудың да түрлі жолы бар. 

Аслан Сағындықов, жеке сот орындаушысы:

-Қашып отырады. Оларды жұмыс істейтін орнынан табамыз немесе ЗАГС арқылы іздейміз. Шетелге кетіп қалатындар да бар өкінішке орай. Ол кезде біз миграция полициясына сұрату жібереміз. 

Жаңа баспана немесе ескі қарыз. Коммуналдық қарызы бар баспананы саудаға қою жиілеп тұр. Жылжымайтын мүлікті сатып алу барысында үй иесінің қарызым жоқ деген сөзіне иланып қалған қазақстандықтар аз емес. Сонымен сатып алған пәтердің ескі қарызын кім төлеуі керек? Бұрынғы қожайын ба, әлде жаңа үй иесі ме? 

Орынбасар Тастанов, ҚР Әділет министрлігі департаменті директорының орынбасары:

-Сол жылжымайтын мүліктің мекен-жайында кім тұрады сол төлеуге міндетті. Болмаса сот арқылы шешеді, Әділет министрлігінің арасына түсуге құқығы жоқ. 

Жаңа үй иесі ескі қарыз туралы кеш біледі, біледі де төлемеймін деп тулайды. Коммуналдық мекемелердің уәжі белгілі. Тұтынушы төлемеді ме суды тоқтатады, жарықты өшіреді. Бір сөзбен баспанадан береке кетеді. 

Аркадий Рубцов, Алматы ПИК қауымдастығы төрағасының орынбасары:

-Егер сіз осындай пәтер сатып алған болсаңыз, ең алдымен сізге коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге арыз жазу қажет. Әдетте ол мемлекеттік ұйымдар. Арызда бар шындықты жазыңыз, меншік иесі екеніңізді, пәтерді қай уақытта алдыңыз және пәтерде коммуналдық қызметтер бойынша қарыздардың барын, сол қарызды түбіртектен алып тастау керектігін, барлық наразылықтарды бұған дейінгі қожайыннан талап ету керектігін, сонымен қатар міндетті түрде арызбен бірге меншік иесінің ауысқаны жайлы пәтерді сатып алу шартының көшірмесін беріңіз. Көбіне қызмет жеткізушілер үшін бұл қалыпты жағдай. Түбіртектен қарыз жойылады. Бар болғаны олар ескі қожайынды тауып, содан өндіріп алуға тырысады.

Қостанайлықтардың жергілікті жылу компаниясына деген қарызы былтырғы қыстан бері 1 млрд 600 млн-ға жеткен. Жылу компаниясы директорының орынбасары Валерий Солодов: «Солқылдақ заңның зардабын біз тартып отырмыз», – дейді. 

Валерий Солодов, Жылу компаниясы директорының орынбасары: 

-Осыдан 15 жыл бұрын нотариустер сату және сатып алу туралы келісімшарт жасардың алдында сатушыдан баспананың коммуналдық қарызы жоқ деген анықтаманы талап ететін. Өкінішке қарай, бұл тәжірибе тоқтап қалды. Бұл мәселені заңдық тұрғыдан шешу керек. Егер нотариустар келісімшартқа қарызды сатып алушы тарап төлейді десе, біздің жұмысымыз әлдеқайда жеңілдер еді.

Депутат Сапар Ахметов тұрғын үй қатынасы туралы заңның әбден ескіргенін айтады. 1997 жылы қабылданған заңға осы уақытқа дейін 56 рет өзгеріс енгізілген. Сапар Қайратұлы қазір тұрғын үй саласында тың тұжырымдама әзірленіп жатқанын жеткізді. 

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:  

-Бір ПИК-те 100 үйге дейін бар. Бұл заңның олқылығы. Ал мәселен 20 үй дейік, сонда бір-ақ есепшот бар. Әр үйдің адамдары барып, бізден түскен ақша қайда кетті деп сұрай алмайды. 20 үйдің барлық ақшасын бөліп беру мүмкін емес қой. Ол жерде ондай есеп те жүргізілмейді. Сондықтан концепциядағы ең басты мәселе – әр үйдің өз есепшоты болуы керек.

Егер сіз баспана сатып алу бақытына ие болсаңыз, бірінші кезекте үй қожайынынан коммуналдық қарыздың бар-жоғын анықтап алыңыз. Баспана бас қайғыңызға айналмасын десеңіз, құрғақ сөзге иланбай, заңдылық күші бар құжат талап етіңіз. Тұрғын үй қатынастары саласына үлкен реформалар жүргізілмегенше, барлығы сіздің құқықтық сауатыңызға ғана байланысты.

Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Мағауия Қалиев, Бекболат Базаров