ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

EXPO кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі

EXPO кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі baq.kz

«Көлік құралдары қалалық мектептердің оқушыларын тасымалдау үшін пайдаланылады», – деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

EXPO қарсаңында әкімдікпен көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдаған мектеп автобустары сатылып алынды. «Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарлануда», – деп xабарлады «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

-Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісімшартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады, – деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша «Bus Lane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш.Уәлиxанов және С.Сейфуллин көшелерінде пайда болады.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі