Павлодар облысындағы шаруақожалық жел генераторларын орнатпақ - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Павлодар облысындағы шаруақожалық жел генераторларын орнатпақ

  • Сейсенбі, 03 Қазан 2017 08:10

Баламалы қуат көздерін пайдаланудың тиімділігіне фермерлер көз жеткізді.

Мәселен, Павлодар облысындағы «Галицкое» шаруа қожалығы жел генераторының арқасында он жыл бойы шаруашылықты сумен қамтып келеді. Жуырда электр қуатын өндіру жайлы шешім қабылдапты. Бұл шығынды азайтып, өндіріс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жел генераторларын орнатуға Александр Касицын ұзақ жылдар бойы дайындалыпты. «Еліміз «Болашақтың энергиясы» тақырыбын қамтыған ЕХРО көрмесін өткізіп жатқанда қалыс қалу жөн болмас», – деген фермер. Баламалы қуат көздерін өндіретін екі құрылғы сатып алыпты. Қазір мамандар орнатылатын орнын дайындап жатыр. Негізгі жабдық Германиядан бірнеше күнде жеткізіледі.

Александр Касицын, шаруашылық басшысы: 

- Өкінішке қарай, электр қуатының құны жылдан-жылға қымбаттау үстінде. Оның ақысын төлеу қиындап барады. Сондықтан жел генераторларының көмегімен электр қуатын өзіміз өндіруге қадам бастық.

Николай Усов, прораб: 

- Сызбалары қолымызда бар. Бәрі түсінікті. Әрбір іргетасына 22 тонна арматура тартып, бетон құюымыз керек. Бір тәулікте 250 текше метр бетон құйылады. Ол бір генаратор үшін. Біз екі генератор орнатамыз. Қуаттылығы сағатына 25 текше метрді құрайтын бетон зауытымыз бар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.