Әзербайжан журналисі: ЕХРО өткізетін елдер қазақтардан үйренсін - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Әзербайжан журналисі: ЕХРО өткізетін елдер қазақтардан үйренсін

  • Сейсенбі, 03 Қазан 2017 08:44

«Астана ЕХРО-2017» мамандандырылған халықаралық көрме инфрақұрылымдары енді қазақ елінің одан әрі дамуына қызмет етеді.

«Әрі ауқымды шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – дейді Әзербайжан журналисі Али Саид. Тілші көрменің жоғары деңгейде өткенін, қызмет көрсету салалары да мінсіз жұмыс істегенін алға тартып, Қазақстанның алдағы кезде де кешенді шаралар өткізу мүмкіндігі жоғары екенін айтады.

Али Саид, журналист: 

- Астанада болған кезімде көрмені екі күн араладым. ЕХРО-2017 жоғары деңгейді өтті деп айта аламын. Мұндай деңгейге жете алған ешкім жоқ. Олай дейтінім мен көптеген көрмелерде болдым. Көрме кешенінің салынуында да ерекше бір астар жатқандай. Бірнеше гектарға созылған павильондар. Көрме және сауда орталықтары да ішінде орналысыпты. Ең ғажабы, ақпараттық жүйе сауатты ұйымдастырылған. Қауіпсіздік мәселесіне жете мән берілген. Адасып кетуің мүмкін емес. Қазақстанның ұйымдастыру қабілетіне бас идік. ЕХРО өткізетін елдер қазақтардан үйренсін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.