ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

БҚО-да ет экспортының көлемі ұлғаяды

БҚО-да ет экспортының көлемі ұлғаяды

Батысқазақстандық шаруашылықтар экспортқа шығарылатын ет пен ет өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүдделі.

Күні бүгінге дейін Иран, Қытай және Ресей елдеріне марқа етін жіберу жөнінде келісімшарттар жасалған. Сонымен қатар мемлекеттің қолдауын тиімді пайдалану арқылы мал басын асылдандыру бойынша да атқарылған істер көп. Өңірде еуропалық технологияны пайдаланып ет өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істеуде. Бұған дейін аймақ өнімі Ресейге сатылса, енді дайын өнімнің алғашқы легі Иран мемлекетіне жөнелтілді.

Насыр Кәрім, Иран Ислам Республикасы компаниясының өкілі:

- Ветеринарлық бақылау қызметінің өкілі ретінде маған осы батысқазақстандық комбинаттардағы ет сапасын қадағалау міндеті жүктелген. Бұл кешен барлық халықаралық талаптарды бұлжытпай орындап отыр. Еттің сапасы да өте жоғары. Бұл жолы біз 20 тоннаға тарта мұздатылған етті елімізге алып кетеміз. Жалпы 10 мың тонна дайын өнім алатынымыз жөнінде келісімшарт жасастық.