ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ОҚО бағбандары айваның алғашқы жемісін жинауды көздеп отыр

ОҚО бағбандары айваның алғашқы жемісін жинауды көздеп отыр

Қазығұрттық фермерлер Қазақстанда бірінші болып, беке өсіруді қолға алды. Биыл 50 тонна жеміс жинау жоспарда тұр. Шаруашылықта қазір 500 гектар қарқынды бақ бар. Олардан алынған өнімдердің жартысын Ресейге экспорттау көзделіп отыр.

Тұрқы онша биік емес мына ағаштар жеміске толып тұр. Олардың әрқайсысында 20 килограмм беке бар. Бұл бірінші өнім. Бір аптадан кейін жемісті жинау басталады. Шамамен 50 тонна өнім аламыз дейді бағабандар. 

Нұрлан Құралов, шаруашылық басшысы:

-Енді бұл айваның керемет қасиеті – оның ауруға өте төзімділігі. Сонымен қатар сақтауға өте қолайлы.

Оңтүстік Қазақстанда өсірілген жемістің алғашқы дәмін астаналықтар татады. Осындағы супермаркеттерге бекемен бірге алма, алмұрт, жүзім де келеді. Келісімдер алдын ала жасалып қойған. Шаруашылық биыл 2 мың тонна экологиялық таза өнім жинады. Жартысын Ресейге жіберген. Келер жылы мұнан да көп өнім алынбақ. Көктем шыға 200 гектар алқапқа жаңғақ егіледі. Оны да тамшылатып суару арқылы баптайды.

Бирол Қарабулат, шаруашылықтың бас агрономы:

-Біздің өз питомнигіміз бар. Жаңғақ пен 15 түрлі алма сортын және жүзім өсіреміз. Біз оларды Еуропадан, Италия, Түркия, Голландия мемлекеттерінен әкелдік. Жергілікті табиғатқа жақсы бейімделді. Жергілікті тұрғындар оны ықыласпен сатып алады.

Келешекте жемістерді өңдейтін цех ашу жоспарда тұр. Оларды сақтау мәселесі де шешілген. 2 мың тонналық қойма салынды. Сондықтан жаңа өнімдер мұнан жыл бойы табылатын болады. 

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Наталья Цой, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов