Улдис Рейманис: EXPO көрмесін өткізу арқылы Қазақстан өзін өте жоғары деңгейде көрсете алды

Улдис Рейманис: EXPO көрмесін өткізу арқылы Қазақстан өзін өте жоғары деңгейде көрсете алды

Астанада өткен EXPO көрмесінің жабылу салтанатында Қазақстан өзін жоғары деңгейде көрсетті.

Ауқымды шарада болған Латвия Көлік министрлігінің өкілі Улдис Рейманис осындай баға берді.

Улдис Рейманис, Латвия Көлік министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары:

-Арнайы шақыртумен көрменің жабылу салтанатына мен де қатыстым. Онда Латвия павильоны инновациялық және дизайнерлік жағынан үшінші орын алды. Жоғары баға бергені үшін Қазақстанға алғысымызды білдіреміз. Мен өзім көрмеге үш рет бардым. Бірі Латвия Президентімен, бірі комиссарлар отырысында және жабылуында. Салтанатты рәсімге 17 президент қатысып, елдің мүмкіндіктерін көрді. Қазақстан өзін өте жоғары деңгейде көрсете алды.