Алматы маңында құлаған ұшақ қалдықтары сараптамаға Ресейге жіберіледі - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Алматы маңында құлаған ұшақ қалдықтары сараптамаға Ресейге жіберіледі

  • Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 21:55

Алматы маңыңда апатқа ұшыраған АН-28 ұшағының қирандылары сараптама жасау үшін Ресейдегі Мемлекетаралық авиациялық комитетке жіберіледі. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр хабарлады.

Ұлан Нарынбек, тілші: 

-Бұл жерде электр бағандары жиі орналасқан. Соның біреуінің ұшы сынып, сымдары үзіліп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ әуеде бірнеше рет айналып, осы бағаналардың біреуін соғып барып құлаған.

Соққының қатты болғаны соншалық, ұшақтың қирандылары радиусы 200 метрге дейін шашылған. Экипаж командирі Геннадий Цой, екінші пилот Евгений Кутафин және авиатехник Бейшибек Акматбаев апат орнында көз жұмды. Апат себебін анықтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды. Оқыс оқиға болған жерге Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр келіп, жай-жапсарды өз көзімен көрді. Артынша арнайы брифинг ұйымдастырылды.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

-Осы ұшақ шығарылған зауыт өкілдері сәуір айында келіп, техниканы тексеруден өткізіп, оң бағасын берген. Соның негізінде Азаматтық авиация комитеті әуе кемесінің ұшу сертификатын тағы бір жылға созған болатын.

1990 жылы шыққан ұшақ East Wing компаниясына тиесілі. Бірнеше жылдан бері Республикалық санитарлық-авиациялық орталықпен келісімшарт арқылы жұмыс істейтін компания басшылығы қайғылы оқиғаның алғаш болып отырғанын айтады.

Виталий Масалитин, East Wing компаниясының президенті:

-Біз өзге мақсатта ұшпаймыз. Тек санитарлық авиацияның тапсырысын орындаймыз. Біздің компанияда үш АН-28 болған және үш ЯК-40 ұшағы бар. Олардың шығарылған жылдары шамалас. Зауыттан шыққандарына 25-26 жыл болған. 

Жалпы санитарлық авиация осындай 10 әуе компаниясымен келісімшарт арқылы жұмыс істейді екен. Марқұм ұшқыштардың мәйіттеріне сараптама жасау мен оларды жерлеуге кететін шығындарды компания өз мойнына алатын болды. Апаттың нақты неден болғаны тек арнайы сараптамадан кейін анықталады. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Аршын Кемелжан, Серік Бақбаев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.