ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Төрткүл» керуен сарайы туристер келетін орталыққа айналмақ

«Төрткүл» керуен сарайы туристер келетін орталыққа айналмақ

Тараздағы «Төрткүл» керуен сарайы туристер көп келетін орталыққа айналдырылмақ.

Ол үшін облыстық мәдениет басқармасы кешенді жоспар әзірледі. XI-XIII ғасырларға тиесілі тарихи орын бүгінде ашық аспан астындағы музей ретінде қызмет етіп тұр. Бұрын мұнда саудагерлер аялдайтын үлкен бекініс болған. «Ұлы Жібек жолының» керуендері осында бір мезгіл тынығып, сауда-саттық жасаған. Сол заманның келбеті бүгінде мұнда керемет көрініс тауып отыр. Келушілер керуен сарайдың құрылымымен танысып, көрсетілген қызмет түрлерін өз көздерімен көре алады.

Мадияр Кисиков, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының маманы:

– Өткенде Түркия, одан қалса Швециядан туристер қызығып келіп жатыр. Болашақта бұл жерді тағы да тарихи жәдігерлермен толықтыра түсіп, келген туристерді жылдан-жылға қызықтыра түспекпіз. Мектептегі жас оқушыларды да болашақта осындай өлкемізде тарихи орындар бар екенін насихаттау мақсатында көптеген іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.