ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Еліміздің кейбір өңірінде көктайғақ болады

Еліміздің кейбір өңірінде көктайғақ болады Фото: Today.kz

Еліміздің солтүстік-шығысындағы циклон Батыс Сібірге бет алып, Еділден антициклон ауады.

«Алдағы үш тәулікте республиканың батыс аймақтарында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы көтеріледі», – дейді «Қазгидромет» мамандары. Алматыда да күн жылиды. Арқада бүгін-ертең тұман түседі. Бірақ жұмаға таман күн шайдай ашылуы тиіс.

Лаура Сайлыбаева, инженер-синоптик:

– Астана қаласында бұлтты ауа райы күтілуде. Кей уақытта қар жауып, тұман және көктайғақ болады. Солтүстік Батыстан жел соғады. Күші секундына 5-10 метр, екпіні 14 м/с-қа жетеді. Ауаның температурасы күндіз -1,-3 градус болады. Түнде 0 градус, ал қазанның 6-7 күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауаның темпертурасы түнде -3,-5, ал 6 қазанда күндіз +2,+4, 7 қазанда +6,+8 градус болады.