Павлодар облысында көмір бағасы қымбаттады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Павлодар облысында көмір бағасы қымбаттады

  • Жұма, 06 Қазан 2017 09:04

Ертіс өңірінде биыл көмір бағасы шарықтап тұр. Павлодар облысында отандық көмірдің 60 пайызы өндіріледі. Соған қарамастан, бағасы 10 мыңнан 16 мыңға дейін қымбаттап кетті.

Қазір тұтынушылар арасында Майкөбе, Қаражыра, Шұбаркөл кен орындарында шығарылатын көмір түрлері жоғары сұранысқа ие. Жалпы облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендерге көмір тасымалдау қиындап кеткен. Себебі өңірде көмір сақталатын негізгі екі базарға бұл отын аз көлемде әкелінеді екен.

Айта кетейік, әлемдегі ең ірі «Богатырь» кен орны жыл басынан бері қазақстандық тұтынушылар үшін 29 миллион тонна отын өндірген. Бұл былтырғы жылға қарағанда 22 пайызға артық. Дегенмен, көмір қымбат. Неге? Әзірге жауапты сала мамандары оны түсіндіруден қашқақтайды.

Еркін Бастемиев, ауыл тұрғыны:

-Көмір тасымалданбай қойды. Тоннасы 12 мың теңгеден сатылуда. Былтыр осы кезде әлдеқайда арзан болатын. Биыл жеткілікті көлемде сатып алуға мүмкіндік болмады. Тым қымбат болса, үйімізді отын жағып жылытамыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.