ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

СҚО-дағы бірқатар тарихи орын Қазақстанның киелі жерлер картасына енді

СҚО-дағы бірқатар тарихи орын Қазақстанның киелі жерлер картасына енді

«Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында құрылған этно-мәдени экспедицияның сапары Солтүстік Қазақстан облысынан басталды. Ғалымдар, зерттеушілер мен қоғам қайраткерлері жергілікті өлкетанушы, археологтармен кездесіп, өңірдің киелі жерлері туралы сұрап білді.

Жалпы облыста 19 тарихи-мәдени орын бар. Оның ішіндегі Абылай хан резиденциясы, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Қожаберген жыраудың бейіті мен Ботай қонысы республикалық картаға енген. Топ мүшелері Қазақстанның киелі жерлерін аралап, кітаптар мен электронды карта жасап шығарады.

Батырхан Жұмабаев, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары: 

-Қазақстанның киелі картасына жалпыұлттық деңгейдегі 10 нысан, бірақ нақты емес, бас-аяғы 160-тан астам нысан кіреді. Өйткені топтастырдық. Яғни 6 бағытқа бөлінді. Онда біріншіден, табиғи-ландшафттық, екіншіден, археологиялық сәулет өнері ескерткіштері, сосын діни ғибадат орындары, үшіншіден, тарихи тұлғаға байланысты қасиетті немесе киелі орындар, сонымен қатар саяси Қазақстанға байланысты саяси орындар бар.