Фоторепортаж: «Хабар» Агенттігі жаңа маусымның тұсаукесерін өткізді - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Фоторепортаж: «Хабар» Агенттігі жаңа маусымның тұсаукесерін өткізді

  • Жұма, 06 Қазан 2017 10:23

«Хабар» агенттігі Елорданың «Қазмедиа орталығында» жаңа телемаусымның тұсаукесерін өткізді.

Жаңа маусым тұсаукесеріне медиасаланың майталмандары, танымал тележүргізушілер, кино, телехикаялардың актерлері мен әртістер жиналды. Арнайы жабдықталған студияда қонақтарға жаңа маусымда көрерменнің көзайымына айналар тың жобалар таныстырылды.

Жалпы эфирдегі 22 жылда «Хабар» Агенттігі» көрерменді ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік-танымдық бағдарламалармен қуантып келеді. Яғни бұл басы ғана.

Агенттіктің телеотбасында, яғни «Хабар», «Хабар 24», «Ел арна» мен «Kazakh TV» телеарналарында жаңа бағдарламалар көптеп әзірленді.

Көгілдір экранға жуырда жол тартса да, өз аудиториясын жинап үлгірген «Білу маңызды», «Біздің назарда», «Давайте говорить» әлеуметтік бағдарламалары биыл да жалғасады. Бес жылдық мерейтойын атап өткен елдің ақпараттық «Хабар 24» арнасы осы күзде бірқатар жаңа жобамен толықты. Басым бағыт – ақпараттық-сараптамалық, саяси-экономикалық, мәдени-спорттық бағдарламалар.

«Хабар» агенттігі ізгілік, адамгершілік, махаббат, адалдық сияқты адами құндылықтарды насихаттау дәстүрін жалғастыра бермек. Ал «Ел арна» каналы жаңа маусымда көрермендер назарына ұсынылатын кино, телехикаялар да осы ұстанымға негізделген. Kazakh TV арнасына тоқталсақ, мұнда көрсетілетін контенттің 100 пайызы – отандық өнім. Бұл контент әлемнің 4 континентіндегі 180 елге таратылады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.