ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ресейдегі көлік апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар

Ресейдегі көлік апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар

Бүгін түнде Ресейдің Владимир облысындағы  Покров станциясының теміржол өткелінде пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысты. Кемінде 17 адам қаза тапты.

Марқұмдардың 15-і Өзбекстан елінің азаматы болып шықты. Тағы 5 адам, жараланған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлікте 55 жолаушы болған.

Бұқаралық ақпарат  құралдарының мәліметінше, автобус Қазақстанға тиесілі. ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов бұл ақпаратты растады. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Владимир облысында болған ірі жол апатына қатысты мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, автобус Оңтүстік Қазақстаннан шыққан. Бұған дейін Покров әкімшілігінің басшысы Вячеслав Аракелов Владимир облысының Покров станциясында пойыз бен жолаушылар автобусының соқтығысуынан 16 адам, көз жұмды деп хабарлаған болатын. Автобуста барлығы 55 адам болған.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

-15 адам қаза тапқан, 5 адам зардап шеккен. Олар, зардап шеккен адамдар Петушинский клиникалық ауруханасында жатыр. Біздің дипломаттар олардың азаматтығын және жеке мәліметтерін анықтауда. 

Ең соңғы келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, пойыз соққан автобусты тізгіндеген Қазақстан азаматы қайтыс болған екен. Тағы бір отандасымыз түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр.