ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жезқазған маңындағы 5 елді мекен жер ойылу қаупіне байланысты көшіріліп жатыр

Жезқазған маңындағы 5 елді мекен жер ойылу қаупіне байланысты көшіріліп жатыр

Ал Жезғазғандағы бес елді мекеннің 6 мыңға жуық тұрғыны қыс басталмай тұрып, Сәтбаев қаласына көшіріліп жатыр.

Баспаларын тастаудың басты себебі – бұл ауылдардың асты шахта болғандықтан шөгіп кету қаупі. Десе де, кей тұрғындарды тұрғылықты жерінен қозғау қиынға соғып отыр. Себебі олар үй емес, ақша керек дейді. Осы мәселе бойынша базынасын айтқан бұқара біздің тілшілермен байланысқа шықты.

Роза Ишанқұлова, Рудник кентінің тұрғыны:  

-Бізді өздері сотқа берді. Олар бағалайды, соны күтіп отырмыз. Не үй жоқ, не ақша жоқ. Қорқамыз, жан-жақтың бәрі мусор, қалдыққа толы. Үйлердің барлығы құлап жатыр. Тапа тал түсте үйдің қоршауларын шешіп алып кетеді, терезелерді сындырып кетіп жатыр.

Біздің тілшілеріміз аталған екі мәселені де назарға алды. Мәселенің жәй-жапсарын тыңғылықты зерттеді. Бүгін сағат 19:00-дегі қорытынды жаңалықтар топтамасына әріптестеріміз толыққанды материал береді. Өткізіп алмаңыздар.