Атбасарлықтарға берілетін үй құрылысының материал тапшылығынан тоқтап қалуы жиіледі - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Атбасарлықтарға берілетін үй құрылысының материал тапшылығынан тоқтап қалуы жиіледі

  • Жұма, 06 Қазан 2017 13:03

Биыл қыс қаһарлы болады деп естіген, Атбасар тұрғындары, алаңдап отыр. Көктемде баспаналарын қызыл су шайып кеткен еді.

Ал мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйдің құрылысы әлі аяқталмай тұр. Жұмыстың бәсең жүріп жатқанына қынжылған атбасарлықтар арнамызға хабарласты.

Мердігерлер сөзіне сенсек, әзірге барлық шығынды құрылыс компанияларының өздері өтеп келеді. Себебі Үкіметтен осы күнге дейін қаржы бөлінбеген. Содан болар құрылыс баяу жүріп жатыр. Аракідік материалдар жетпей қалып, жұмыс тоқтап қалады екен.

Наталья  Ситникова, Атбасар қаласының тұрғыны: 

-Мен бізге уәде етілген пәтерді асыға күтіп жүрмін. Әкімдік біздің отбасыға 1 бөлмелі пәтер беріледі деді. Жергілікті билік айтқан соң жерде қалдырмайтын шығар деп бәріміз сеніп жүрміз. Әйтпесе уайымдап жүргеніміз рас. Амал жоқ, күтуге мәжбүрміз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.