ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Astana Media Week: Жылдар бойы шешілмеген бірқатар мәселенің түйіні тарқатылды

Astana Media Week: Жылдар бойы шешілмеген бірқатар мәселенің түйіні тарқатылды

Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жылдар бойы шешілмей жүрген бірқатар мәселе «Astana Media Week» аясында шешімін тапты.

Форумның шымылдығын ашқан Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді. Айтуынша, енді аймақтық телеарналарға 1997-2005 жылдары мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс бойынша түсірілген бейнематериалдарды көрсету құқығы беріледі. Бұл бағытта ақпарат және коммуникациялар министрлігі арнайы зерттеу жүргізіп, 146 туындыны іріктеп алған. Оның ішінде 39 телехикая, 59 көркем фильм, 42 телебағдарлама және 1 музыкалық фильм бар. Бұдан бөлек медиаапталықта, аймақтық журналистердің ассоциациясы ашылғанын мәлімденді.

«Бұл ұйымда тілшілердің түйіткілді мәселелері қаралып, шешілетін болады. Қазір құжаттың бәрі дайын», – дейді министр.

Айта кету керек, журналистердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, ақпаратты дұрыс әрі шынайы тарату ісін жетілдіру үшін жуырда бұқаралық ақпарат құралдарының медиамектебі ашылған еді. Министр Дәурен Абаев аймақтық тілшілерді де осы орталықтың жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Жалпы мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамда өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда, аймақтық медианың атқарар ролі маңызды. Осы орайда олардың алдында үлкен мақсат-мүдде тұр. Ол Мемлекет басшысының жүзеге асырып жатқан саяси-экономикалық және «Рухани жаңғыру» жөніндегі кешенді реформаларына жұртшылықты жұмылдыру.