ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Петропавлдық полицейлер жұмыс барысында планшет қолданатын болады

Петропавлдық полицейлер жұмыс барысында планшет қолданатын болады ae-project.com

Бұл әкімшілік хаттама толтыру кезінде уақытты үнемдеп қана қоймай, айыппұлды сол жерде төлеуге мүмкіндік береді.

Жоба әзірге облыс орталығында ғана жүзеге асып жатыр. Осы айдың соңына дейін аудандық жергілікті полиция қызметкерлері де планшеттермен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы облысқа 800-ден астам электронды құрылғы сатып алынбақ. 

Рустам Насыров, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

– Бұрын бір хаттама 7-10 минутта толтырылса, планшетпен 2-3 минут кетеді. Бұл – Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің пилоттық жобасы. Ол бірінші болып Астана қаласында іске қосылды.