00:20 Әрі қарай эфирде: «Жанды дауыс»
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қостанайда тұмауға қарсы жаппай екпе егу басталды

Қостанайда тұмауға қарсы жаппай екпе егу басталды inform.kz

Қостанай облысында тұмаудың алдын алу мақсатында вакцина егу шаралары басталды.

Бүгінде Қостанай облысына Ресейде шығарылатын «Гриппол» екпесінің 55 мың данасы сатып алынған, бұған мемлекеттен қомақты қаржы бөлінді. Қостанай облысы орталық ауруханасының дәрігері Л.Савченконың айтуынша, вакцина халықаралық стандарттан өткізілген.

«Бір ескеретіні, екпе егілгеннен кейін 14 күннен соң күшіне енеді, оның қорғаныш белсенділігі 6-дан 12 айға дейін созылады. Жалпы, қазіргі күні Қостанай өңірінде тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты», – деді дәрігер. Тегін екпе егу жұмыстары барлық азаматтарға жасалмайды. Мемлекеттік бюджет қаражатына жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі ең көп әлеуметтік топтар - созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын, иммунитеті төмен және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге тегін егіледі. Тұмауға қарсы вакцинаны ақылы түрде алуға болады. Мәселен, Қостанай қаласында «Мәриям», «Медсервис плюс» жеке медорталықтары мен емханалардың екпе бөлмелеріне жүгіне аласыз. Жалпы 1 желтоқсанға дейін халық көп шоғырланған елді мекендердің тұрғындарына екпе егу жоспарланған.

Ақпарат көзі: inform.kz