Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды

  • Сенбі, 07 Қазан 2017 17:18
Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды ontustik.gov.kz

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды.

Нұрсәт шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде табыстады.

Қоныс иелерін құттықтаған аймақ басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада соңғы жылдары тұрғын үй салу жұмысы қарқын алғанын айтты.

Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 35 пәтерлі қызметтік үйді баспана кезегінде тұрған мәдениет саласы, әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алды.

Ал Тұран шағын ауданындағы 640 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның есебінен салынған. Мұндағы 339 пәтер жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар арасында бөлінді.

Биыл Оңтүстік Қазақстанда 263 үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдікі аяқталады. Осының нәтижесінде жыл соңында 6 000 отбасы баспаналы болады.

Ақпарат көзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.