Жыл соңына дейін Астанада 5 шағын гүл бағы мен бір саябақтың құрылысы аяқталады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жыл соңына дейін Астанада 5 шағын гүл бағы мен бір саябақтың құрылысы аяқталады

  • Сенбі, 07 Қазан 2017 18:15
Жыл соңына дейін Астанада 5 шағын гүл бағы мен бір саябақтың құрылысы аяқталады astana.gov.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Нұралы Елібаев мәлімдеді.

Нұралы Елібаевтың мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін шағын гүл бақтарының құрылысына 962,5 млн теңге қарастырылған.

Шағын гүл бақтары Астананың Біржан сал, Желтоқсан, Суворов, Тәуелсіздік, Қошқарбаев көшелерінің бойында жайғаспақ. Сонымен қатар жыл аяғына дейін Сейфуллин көшесіндегі гүл бағы қайта жөндеуден өтеді.

«2017 жылы Жалайыр көшесіндегі саябақтың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жылдың соңына дейін 5 шағын гүл бағының құрылыс-монтаждық жұмыстары аяқталады деп жоспарланған. Жаңа демалыс орындары қалалық №1 емхананың, қалалық перинаталды орталықтың, Біржан сал, Желтоқсан, Суворов көшелерінде пайда болады. Бұл жұмыстардың аяқталу мерзімі болып жылдың соңы белгіленді», – деді Астана қаласы әкімдігі табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы.

Әкімдіктің табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында белгілі болғандай, биыл Көктал шағын ауданындағы саябақтың құрылысы бастау алған. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ.

«Биыл Көктал ауданында саябақтың құрылысы басталды. 2017 жылы іске асатын жұмыстарға 683 млн теңге қарастырылып отыр. Жобаның жалпы құны 3 млрд 386 млн теңгені құрайды. Саябақ 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», – деп мәлімдеді Нұралы Елібаев.

Бас маманның мәліметінше, 2018 жылы Астана қаласындағы апатты жағдайда тұрған үйлердің орнында желекжолдар мен гүл бақтары салынатын болады. Қазіргі таңда аталмыш нысандардың құрылысына бөлінетін қаражат көлемі бюджет нақтыланғаннан кейін анықталмақ.

«Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша 2018 жылы көне апатты үйлердің орнына желекжолдар мен шағын гүл бақтарының құрылысы жоспарланады. Оның ішінде 3 желекжол, 8 гүл бағы салынады делінген. Желекжолдар Жеңіс даңғылында (ұзындығы шамамен 100-150 метр), Абай даңғылында және Кенесары көшесінің бойында орналасатын болады», – деп түйіндеді сөзін Астана қаласы әкімдігі табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Нұралы Елібаев.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.