ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Латын әліпбиіне көшу келешек үшін тиімді

Латын әліпбиіне көшу келешек үшін тиімді

Ол Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуын жылдамдатады. Талдықорғандағы «дөңгелек үстел» отырысына қатысқан мамандардың ортақ пікірі осындай. 

Жиында мемлекеттік тілдің болашағы жайында толғақты ойлар ортаға салынды. Айтуларынша, латын әліпбиіне көшу мәселесі дер кезінде көтеріліп отыр. Мұны одан әрі кешіктіруге болмайды.

Өйткені ол біздің әлемдік қауымдастықпен бұрынғыдан да тығыз байланыстар орнатуымызға жол ашады. Әсіресе жастарға өте пайдалы. Олар мұны тез меңгереді. 

Ләззат Еркінбаева, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры:

-Қазіргі күні біз бәсекеге қабілетті маман дайындауымыз керек. Яғни көптеген білімнің, ғылымның қайнар көзіне қолжетімді жағдай жасауымыз керек. Егер біз латын әліпбиіне ауыссақ, ол біздің жастарға, болашақ ұрпаққа өте тиімді жол деп танимын.