ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Талғат Мұсабаев: Авиация қызметін жеке мемлекеттік мекеме қадағалауы тиіс

Талғат Мұсабаев: Авиация қызметін жеке мемлекеттік мекеме қадағалауы тиіс

«Авиация қызметін жеке мемлекеттік мекеме қадағалауы тиіс. Осылайша қауіпсіздікті күшейткеніміз жөн», – дейді Сенат депутаты Талғат Мұсабаев.

Ұшқыш аталған мәселеге қатысты депутаттық сауалын еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдады. Бүгінде Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті әуе кемелерінің ұшуына сертификат беріп, өз жұмысын өзі бақылайтындығы белгілі. Ұшқыштың айтуынша, тап осы жағдай әуе апаттарының көбеюіне түрткі болып отыр. Дамыған елдерде аталған қызметтер екі бөлек мекемеге жүктелген.

Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақылауды тәуелсіз органға жүргізгеніміз жөн. Және бұл өзгеріс азаматтық авиациямен қатар әскери әуе кемелеріне да қатысты болуы шарт.