Сенаторлар: Жанармай өндіретін жаңа зауыт керек - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сенаторлар: Жанармай өндіретін жаңа зауыт керек

  • Бейсенбі, 12 Қазан 2017 20:00

Елбасының жаңа мұнай өңдеу зауытын салу туралы тапсырмасының осы уақытқа дейін орындалмау себебі неде?

Бүгін Жоғарғы палата депутаттары Премьер-Министрге осындай сауал жолдады. Сенаторлардың айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту кезінде жыл сайын елімізде жанармай тапшы. «Қойнауы қара алтынға бай мемлекет бола тұра, нарығымызды тиісті өніммен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бензин тапшылығы азық-түлік бағасы мен қызмет көрсету құнына әсер етуі мүмкін. Сондықтан Қазақстанға жанармай өңдейтін жаңа зауыт керек», – дейді Сенаторлар. 

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

– Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жанармай тапшылығын жоюға байланысты мемлекеттік деңгейде жүйелі шешімдер неге қарастырылмайды? Елбасының жаңа мұнай өңдеу зауытын салу туралы тапсырмасының осы уақытқа дейін орындалмау себебі неде? Ел тұрғындарын жанармай өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан қолға алынған шаралар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берсеңіз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.