Қостанай облысында көмір кезегінде тұрғандар көп - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қостанай облысында көмір кезегінде тұрғандар көп

  • Бейсенбі, 12 Қазан 2017 19:30

Қостанайда көмір тапшы.

Қабылдайтын базаларда оның қоры таусылуға таяу. Көмір өндірушілермен келісім болғанымен, олар жеткізуге үлгере алмай жатыр. Жергілікті фирма өкілдері себебін вагондардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал әкімдіктегілер облыста көмір қоры жеткілікті екендігін айтады. 

Қостанайдағы көмір базаларының кейбірінде көмірдің жоқтығы туралы қағаздар ілінген. Аудан, ауылдардан келген көліктер қақпадан кері қайтуға мәжбүр.

Виталий Кузовлев, жүргізуші:

– Телефонмен хабарласып, вагон түнде не таңертең келетінін айтқан. Тағы бос қайтатын түріміз бар. Екі жерде болдық, көмір еш жерде жоқ. Қарасу ауданынан келіп тұрмыз, қаншама шығын. 

Жергілікті фирма Павлодар, Қарағанды көмір разрездерімен алдын ала келісімшарт жасасқан. Толық ақшасы төленген. Алайда олар осы күнге дейін келісілген көлемнің тек жартысын ғана жеткізіпті.

Валерий Шефер, көмір учаскесінің басшысы:

– Қазір бізде көмір жоқ. Бір бөлігін бюджеттік мекемелерге сақтап отырмыз. Жеке тұрғындарға береріміз таусылды. Бізді қамтамасыз етушілер вагондардың жоқтығынан жібере алмай отырғандарын айтады.

Қостанайда көмір өткізетін 7 орын бар. Соның бүгін біреуінде ғана сатылып жатыр. Қалғандарының көмір қоры таусылған. Сондықтан кезек күткен көліктер ұзын сонар. Жүргізушілер сағаттап емес, тіпті тәулік бойына тосуға тура келетінін жеткізді.

Сәрсен Әлімбаев, жүргізуші:

– Торғайдан келіп, Шұбаркөлдің көмірін ала алмай жүрміз. Науырзым жүргізушілері жетілеп күтеді. Камаздарды жалдаймыз, бағасы да күн сайын өседі. 

Жүргізушілердің айтуынша, бір апта бұрын Шұбаркөл көмірінің тоннасы 14500 теңге болса, одан кейін 15 мыңға көтерілген. Бағаның былай құбылуына арадағы алыпсатарлардың да ықпалы бар. Ал облыстық әкімдіктегілер қобалжитын ештеңе жоқ екенін айтады. 

Гумбат Иманов, Қостанай облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшының орынбасары:

– Қазір бізде қор жеткілікті, 200 мың тоннадан астам көмір бар. Қазақстан темір жолымен жылу беру маусымында қосымша вагондар бөлу жөнінде келісім жасалды. Олар уәде берді, сондықтан бұл мәселе толық шешілді десе болады. 

Кезектердің туындауына адамдардың қыс дайындығына кеш кірісетіндігі және бәрі сапалысын алуға ұмтылатындығы себеп екен.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.