Ақтөбеде қызметіне атүсті қараған қорғаушылар анықталды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтөбеде қызметіне атүсті қараған қорғаушылар анықталды

  • Бейсенбі, 12 Қазан 2017 21:00

Ақтөбелік адвокаттар бір мезгілде бірнеше істі қатар жүргізіп, бірнеше күдіктіге бір мезетте құқықтық көмек көрсеткен.

Әділет министрлігі жүргізген тексеру барысында тегін заң көмегіне жүгінген азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, заңгерлер бірнеше істі жүргізуге бір уақытта кіріскенін көрсетіп, есеп берген. Бірақ қаралған процессуалдық қарекет ішкі істер бөлімінің түрлі ғимаратында өткендігін ескермеген сыңайлы. Бұл адвокаттардың күдікті тұлғаларға көрсеткен көмегінің сапасына күмән келтіреді. Күдіктілерге берілетін тегін қорғаушыларды қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан Ақтөбе облысына биыл 66 миллион теңге бөлінген. Бұл сома атқарылған жұмысқа сәйкес адвокаттарға төленеді. Дегенмен заңгерлердің арасында қызметіне атүсті қарағандар да кездесіп отыр. Осыған орай Әділет министрлігі олардың лицензия күшін тоқтату мақсатында сотқа 3 шағым түсірді.

Шынар Айнабекова, Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің бас маманы: 

– Өздеріне тиісті міндеттер мен жауаптарын атқармағаны үшін қазіргі таңда адвокаттар өз лицензиясынан айырылуы мүмкін. Осындай заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында және адвокатура жүйесін жетілдіру мақсатында Әділет министрлігімен заң жобасы дайындалуда.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.