ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысына көмір тасымалдай бастады

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысына көмір тасымалдай бастады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан облысына күніне 10 вагоннан көмір тасымалдай бастады.

Күздің қара суығында жер үйде бүрсең қағып отырған ел бірінші 150 тонна қара отынды бірнеше сағатта талап әкеткен. Өңірде көмір тапшы. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметкерлерінің есебінше, бүгінгі таңда тұрғындардың 65 пайызы ғана қысқа қамданып алған. Ал облыс бойынша 27 мың тонна көмір қоры бар. Бұл бағаның қымбаттауына да ықпал етті. Мәселен, қазір сұранысқа ие «Шұбаркөлдің» көмірінің тоннасы 16 мың теңгеден сатылып жатыр. «Енді жағдай тұрақталуы тиіс», – дейді жауаптылар.

Айдархан Мусин, Облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:

– Көмір тапшылығы вагондардың жетіспеушілігінен туындап отыр. Қазір «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен кесте құрылды. Күніне 10 вагоннан тасымалданып тұрса, тұрғындар 2 аптада қара отынмен толық қамтылады.