ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ғалымдар әліпбидің жаңа нұсқасын қолдайды

Ғалымдар әліпбидің жаңа нұсқасын қолдайды

Қарағандылық ғалымдар латын әліпбиінің соңғы нұсқасын қолдайды.

«Диграфтарды дәйекшеге ауыстыру жазуға да, меңгеруге де қолайлы», дейді тіл маманы Елдос Түйте. Ең бастысы, қазақтың төл сөздері дұрыс дыбысталады, кірме сөздерден арыламыз.

Елдос Түйте, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент:

– Бүгінгі күнде кирилл әрпімен орфографиялық нормаға сай жазылып және дыбысталып кеткен сөздерді қайтадан қалыпқа келтіруде, сонымен қатар түркі тектес халықтармен, алыс шетелде тұрып жатқан қазақтармен бір интеграциялық байланыс орнатуға, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруге, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне берері мол деп есептейміз.