ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Маңғыстау облысында ауыл азаматтары спорт кешенін салып жатыр

Маңғыстау облысында ауыл азаматтары спорт кешенін салып жатыр

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылының азаматтары жерлестеріне тарту жасамақ ниетпен заман талабына сай спорт кешенін салып жатыр.

Аумағы 600 шаршы метрді алып жатқан кешен құрылысына 65 млн теңге бөлінген. Бір мезгілде 120 адамды қабылдайтын спорт сарайы келер айда қолданысқа беріледі. Мұнда болашақта күрес, бокс, таэквондо және тайбоксинг үйірмелері ашылады. Бұл ауыл балаларының кәсіби спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік бермек. Сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкер 140 балаға арналған балабақша құрылысын бастады.

Темірбек Асауов, Түпқараған ауданының әкімі:

Таушық елді мекенінде де екі балабақша іске қосылмақшы. Бұл да жеке кәсіпкерлер. Жергілікті кәсіпкерлер өздерінің қаржысы есебінен «Туған жер» бағдарламасы аясында ауылына деген өздерінің қолғабыстарын көрсетіп жатыр. Болашақта бұл жұмыстар жалғасын табады. Және мұндай кәсіпкерлерді біз қолдаймыз және оған көмек көрсетеміз.