ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қырғызстаннан келетін жеміс-жидектен қауіпті зиянкестер жиі табылады

Қырғызстаннан келетін жеміс-жидектен қауіпті зиянкестер жиі табылады

Қазақ-қырғыз шекарасында фитосанитарлық бақылау күшейгелі біраз заңбұзушылықтың беті ашылды.

Соңғы 5 күннің өзінде 15 дерек тіркелген. Талапқа сай келмейтін қырғыз тауарлары кері қайтарылған. Көп жағдайда тасымалданған көкөністер мен жеміс-жидектерден қауіпті зиянкестер табылыпты. Кейбір жүктер тиісінше маркаланбаған.

Нұржан Баймағанбетов, ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің бас сарапшысы:

-9 айдың қорытындысы бойынша осы жылы Қырғыз Республикасынан 250-ден артық заңбұзушылықтар анықталды. Ал осы соңғы 5 күннің ішінде 15 заңбұзушылық анықталды. Оның 14 фискалды заңбұзушылықтан жүк Қырғызстанға қайтарылды. Ал бір жағдай бойынша айыппұл салынды және де бір карантиндік объект анықталды. Бұл жұмыстар АӨК тұрақты түрде жүргізіліп отырады.