ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

И.Филькевич: Қазақстан фитосанитарлық нормаларды сақтауды талап етуге құқылы

И.Филькевич: Қазақстан фитосанитарлық нормаларды сақтауды талап етуге құқылы

Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы контрабандалық өнімнің өткізілмеуіне ресейліктер де мүдделі. Арнамызға берген сұхбатында Еуразиялық кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың экономикалық ынтымақтастығы қауымдастығының президенті осылай деді.

Игорь Филькевич Кедендегі тыңғылықты тексеріс Қытайдан заңсыз тасымалданатын тауарлардың жолын кеседі деп есептейді.

Игорь Филькевич, экономист:  

-Әр мемлекет ішкі мәселесін шешуде өзгеге қояр талап пен шартты тек өзі белгілейді. Қазақстан фитосанитарлық нормаларды сақтау бойынша нақты шарттарын қоюға толық құқылы. Есесіне бұл тек бір елдің емес, одақтас көрші елдердің мүддесіне де жатады. Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде бұл сұрақ жан-жақты талқыланып, Қырғызстан шекара арқылы өнім өткізу заңдылығының сақталуын қамтамасыз етіп, тиімді нәтижеге қол жеткізуі тиіс. Талапты күшейту арқылы елдер алдағы уақытта екі жақты сенімді әрі тұрақты тасымалдау жүйесін қалыптастыра алады.