ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қ.Әбдірахманов: Шекарадағы бақылауды күшейту – заңды құбылыс

Қ.Әбдірахманов: Шекарадағы бақылауды күшейту – заңды құбылыс

Интеграциялық үдеріс жағдайында одақтас елдердің шекарада фитосанитарлық және ветеринарлық қадағалауды қатаңдатуы – заңды жағдай. Бұл еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың пікірі.

Шекарадағы мониторинг жүйесі дұрыс жолға қойылса, одақтас елдердің қай-қайсысы да қызмет пен тауардың еркін айналымынан мол пайда көреді. Бастысы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Арада қандай да бір түйткіл туындаса, Қазақстан екі жақты келіссөздер арқылы оны шешуге дайын. Министр осылай дейді. 

Қайрат Әбдіраxманов, ҚР Сыртқы істер министрі: 

-ЕАЭО шеңберінде біз одаққа мүше елдермен өзара тиімді достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында диалог жүргізіп, жиі кездесеміз. Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде немесе екі жақты келіссөзбен туындаған мәселелерді шешу – біздің нақты мақсатымыз.