Қазақстандықтар оқулықтардың сапасын жақсартуға өз үлестерін қоса алады

Қазақстандықтар оқулықтардың сапасын жақсартуға өз үлестерін қоса алады

Тек санитарлық емес, оқулықтар сапасы да жіті назарда болады. Мектеп оқулықтарына кей жағдайда ата-аналардың, жалпы қоғамның көңілі толмай жатады. 

Енді  жағдай өзгереді. Себебі қазақстандықтар «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтына кіріп, кітаптармен танысып, олардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға өз үлесін қоса алады. 

Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8-ші сыныптың оқулықтары аталған сайттың «Қоғамдық бағалау» порталында орналастырылған.