ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазақ-қырғыз шекарасы: Шекаралық режимді бұзған 223 адам ұсталды

Қазақ-қырғыз шекарасы: Шекаралық режимді бұзған 223 адам ұсталды

Мемлекеттік шекараның барлық шебі бойынша, оның ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінде жүріп жатқан жоспарлы шекара операциясының басталғанына жеті күн өтті. 

Осы уақыт аралығында қанша заң бұзушылық анықталды? Оны Қордай шекара бақылау бөлімінде жүрген тілшіміз Ұлан Нарынбектен білсек. 

Ұлан Нарынбек, тілші:

– Жоспарлы шекаралық операция басталғалы бері Қордай учаскесіне жауапты сарбаздар 223 адамды ұстаған. Олар көші-қон заңнамасын және шекаралық режимді бұзған. Ұсталғандардың басым бөлігі дәлірек айтсақ, 142 адам – Өзбекстанның азаматы, 57 адам Қырғыз Республикасынан, 8 адам – Тәжікстанның тумасы. Заң талаптарын сақтамағандардың арасында ішінара Түркия, Ресей, Әзербайжан және Ауғанстан азаматтары да бар. Бұл азаматтардың ісі сотқа жіберілді. Енді оларға айыппұл салынатынын әлде ел аумағынан шығарылатынын немесе депортация жасалатынын сот шешетін болады. Жалпы Қазақстан Қырғызстан шекарасының Қордай учаскесі 245 шақырым болады. Адамдар мен көлік құралдарының шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін төрт өткізу бекеті жұмыс істейді.