ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазақстанда халық саны 18 074,1 млн адамға жетті

Қазақстанда халық саны 18 074,1 млн адамға жетті Фото:Islam.kz

Қазақстанда халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті. 2016 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда, 232,5 мың адамға көбейіп, өсім 1,3 пайызды құрады.

Есепті кезеңде Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған. Азаматтық ахуалды тіркеу органдарының берген мәліметтерді өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 257,5 сәби дүниеге келгені анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ке аз.

1 мың адамға шаққанда жалпы туу коэффициенті 21,45-ті құрайды. Республика халқының табиғи өсімі осы кезеңде 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 17,3 мың адамға немесе 9,3%-ке қысқарып, 169,4 мың адамды көрсетті. Халық санының табиғи өсу коэффициенті 1 адамға шаққанда 14,11 адам болды.

Осы есепті кезеңде 88,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2016 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткіштен 0,8 пайызға аз деген сөз. 1 мың адамға шаққандағы жалпы өлім коэффициенті 7,34-ті құрады. 2017 жылдың қаңтар-тамызында республикада 1 жасқа дейінгі балалардың 2140 өлімі тіркелді, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,7%-ке қысқарған.

Ақпарат көзі: inform.kz