ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Елорда жастары еңбекпен қамтылып жатыр

Елорда жастары еңбекпен қамтылып жатыр Фото: Weproject.kz

Жыл басынан бері елорданың 200-ге жуық жас маманы қалалық «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жұмыс жәрмеңкелерінің арқасында тұрақты жұмыс тапты.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен бос орындар жәрмеңкесіне 50-ге жуық жұмыс беруші атсалысып, 100-ден астам бос орын ұсынды. Оған еңбек нарығына араласқысы келетін 1 мыңнан астам студент жастар қатысты.

«Бүгінгі жәрмеңкеде жұмыс берушілер университет тәмамдаған жас мамандармен қатар білім алып жатқан студенттерге де жұмыс ұсынып отыр. Айлық мөлшері 70-80 мың теңгенің көлемінде», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Мұхамеджан Болысбек.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер тарапынан технолог, өндіріс саласының мамандарына сұраныс басым.

«Біздің орталық жұмыс іздеген жастарды жұмыс берушілерге бағыттаумен айналысады. Тек биылғы жылдың басынан бері 400-ге тарта жас маманды жұмыс берушілерге бағыттадық. Бүгінде оның 200-ге жуығы тұрақты жұмысқа қабылданды», деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры.

Сонымен қатар орталық директоры жастарға арналған жұмыс жәрмеңкелері елордадағы басқа да ірі ЖОО мен колледждерде өткізілетінін атап өтті. Желтоқсан айында жастарға арналған қалалық жұмыс жәрмеңкесін өткізу көзделіп отыр.