ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Латын әліпбиі ақпараттық технологияларға жол ашады

Латын әліпбиі ақпараттық технологияларға жол ашады

Латын әліпбиіне көшу арқылы санасы жаңғырған ұрпақ өсіруге мүмкіндік аламыз.

Сондай-ақ түркі жазуларымен бір графикада болуға, басы артық әріптерден арылып, ақпараттық технологияларды еркін меңгеруге жол ашылады. Бұл белгілі тіл маманы, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринованың пікірі. Профессордың айтуынша, латын әліпбиінің соңғы нұсқасын, яғни дыбыстарды дәйекше арқылы белгілеу үлгісін қабылдағанымыз жөн. Себебі бұл айтуға да, жазуға да жеңіл. Дәйекшені кезінде Ахмет Байтұрсынов та қолданған. «Бір дыбыс, бір әріп қағидасына сүйенсек, тіл заңдылығын да бұзмаймыз», дейді ол.

Құралай Күдеринова, Сүлейман Демирель университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы:

– Дәл осы дәйекше 29-да латынға көшкенде ең алғашқы ұсынылған әліпбиде болған. Ең алғаш бізде 27-жылы «Тілші» газетіне мақала шыққан. Сонда 24 әріптен, бір дәйекшеден тұратын әліпби ұсынылды. Бұл болды. Бұл біршама жеңіл. Яғни осы бағытта, бір дыбыс, бір әріп бағытынан таймауымыз керек. Сондай жұмыс істеуіміз керек. Осы әліпбиді жетілдіруіміз керек.