ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елорданың әкімшілік полициясы жол қауіпсіздігі жөнінен қабылдау өткізді

Елорданың әкімшілік полициясы жол қауіпсіздігі жөнінен қабылдау өткізді

Астана қаласының әкімшілік полициясы «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесіп, қала тұрғындарына қоғамдық мәселелер мен жол қауіпсіздік ережелері бойынша жолдағы қабылдау өткізді. Акцияның мақсаты – жол қауіпсіздігінің жаңа заңнамасы бойынша азаматтарға консультативтік және құқықтық көмек көрсету болып табылады. Бұл шара қала көшелері мен кіреберістеріндегі полиция бекеттері және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтті.

Жол қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы түсіндіру шарасы жылына екі рет көктем және күзде өткізіледі. Әкімшілік полиция және «Нұр Отан» партиясының өкілдері бұл дәстүрді биыл да жалғастырды. Акция аясында азаматтарға жол қозғалысына қатысты енгізілген жаңа ережелер мен «Сергек» жүйесінің жұмысы таныстырылды. Айыппұлдарға қатысты дау туындаған кезде не болмаса жеке тұлғаның құқығы бұзылған жағдайда қандай әрекет жасау керек екені түсіндірілді.

Нұржан Әділов, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

-«Сергек» қалай жұмыс істейді? Айыппұлдар қалай келеді деген секілді. Сосын мынау көптеген заңнамалар, өзгерістер бар ғой бізде, сол жағынан сұрақтар бізге қойылды. Соның бәрін азаматтарға түсіндіріп айттық.

Шара барысында бір сағатта қала тұрғындарынан оннан астам өтініш түсті. Соның ішінде қарбалас сағаттарда жол полициясы қызметкерлерінің көше қозғалысын қолмен реттеуінің тиімділігіне, жаңа аудандарда қосымша бағдаршамдар мен жаяу жүргінші өткелдерін орнату, қаладағы көлік ағынын азайту, көлік кептелістерімен күрес мәселелері көтерілді.

Марал Елеуқұлова, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі жетекшісі

-Әр апта сайын біз қабылдау өткіземіз. Енді өтініштер түседі. Осы жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша сұрақтар түседі. Айыппұл туралы сауалдар. Осы қабылдауларда адамдарға көмектесіп, оң шешімін шығару, сұрақтарға, мәселелерін шешуге тырысамыз.

Қамбарбек Тілеуов, қала тұрғыны:

-Сауалнамадан өттік, сұрақтардың бәрі дұрыс, орынды. Әр келген адам өз ішіндегісін жауаптармен белгілеп, көрсете алады деген ойдамын.

Жыл сайын полиция қызметкерлері азаматтардан 600-ге жуық өтініш қабылдайды екен. Оның 70 пайызы акция өткізілген сәтте пысықталады. Елордалық Әкімшілік полициясы басқармасының мамандары осылай дейді. 

Авторлары: Жұрағат Баман, Марат Таубаев