ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Парижде Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті

Парижде Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті

Парижде «Рухани жаңғыру» мақаласының халықаралық тұсаукесері аясында тағы ауқымды іс-шара өтті. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі мен «Астана Опера» әртістері француздың танымал Вилль Эспас Пьер Карден сахнасында өнер көрсетті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра  Мұхамедқызының Сильва операсындағы ариясы француздарды тәнті етті. Құрманғазы, Дәулеткерей туындыларының үні, композитор Арыстанбек Мұхамедиұлының әні мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Сендай қазақ баласы» таңдай қақтырды.

Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі:

-Қазақстан бүкіл әлемге қарқындап, дамып жатқан елдердің алдында келеді. Біз жас мемлекет болсақ та, қазір  өзіміздің өнерімізді, Қазақстан міне биыл ЭКСПО әлемге танытып жатыр. Ал енді қазіргі елімізде болып жатқан үлкен науқан – Рухани жаңғыру. Сондықтан осы программаға сай, біз де қазақтың өнерін, мәдениетін Еуропаға, мен ойлаймын, әлем сахнасында біздің еліміздің көк туы да өнерде әлі биіктеп жаңғырады!

Петр Шереметьев, қоғам қайраткері:

-Концерттен тамаша әсер алдым. Сіздің елдеріңізге жасаған сапарларым бірден есіме түсті. Қайтадан сонда кетіп қала жаздадым. Мәдениет арқылы болса да, өзімді Қазақстанның бір бөлшегі ретінде сезінгеніме қуаныштымын. Сіздердің елдеріңіз маған қатты ұнайды. Көп-көп рахмет!