ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Еңбек кодексін елемегендер ескерту алды

Еңбек кодексін елемегендер ескерту алды Today.kz

Жұмыс уақытынан тыс қызмет ету дерегі Білім және ғылым мен Әлеуметтік қорғау министрліктерінде ең көп тіркелді.

Бұл мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері әдетте жұмыс орындарында белгіленген нормадан бір-екі сағат артық отыратыны анықталды. Тіпті түн ортасына дейін жұмыс істейтіндер бар. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай заңбұзушылықты анықтады. Еңбек кодексін Астана қаласының әкімдігі де елей қоймайды. Жүргізілген рейд барысында мемлекеттік қызметкерлерге ауызша ескерту жасалды.

Равиль Төлебаев, ҚР МҚІСЖҚІА департамент директоры:

– Заң бәріне ортақ. Жұмыс уақытынан тыс қалып, жұмыс істеуге тыйым салынған. Яғни олар заңмен белгіленген тәртіппен қалуы керек. Басшылар өздерінің бұйрықтарымен қалдыруға құқылы. Жұмыстан тыс қалдыру заңмен шектелген. Яғни күніне екі сағаттан аспауы тиіс. Жұмыстан тыс қалып, артық жұмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметкерге ақылы ретінде немесе артынан демалыс күндерін беру арқылы өтелуі тиіс.