×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Семейде латын әліпбиінде сабақ өткізіле бастады

Семейде латын әліпбиінде сабақ өткізіле бастады

Семей қаласындағы электротехникалық колледжде латын әліпбиімен сабақ өткізіле бастады.

«Бұл тәжірибелік сынақ түріндегі сабақтар шәкірттерді психологиялық тұрғыдан жаңа таңбаларға икемдеу мақсатында жүргізіледі», – дейді оқу орны басшылары. Колледждің мың жарымға жуық жастары бұған дейін де жаңа әліпбиді қолдайтындықтарын білдіріп, бірнеше шара өткізген. Ендігі мақсат – дипломдық жұмыстар мен оқулықтарды да біртіндеп латын әліпбиіне көшіру.

Азат Сарпеков, Семей электротехникалық колледжінің директоры:

– Бізге өте жеңіл түсіп жатыр. Өйткені мехатроника, инженерлік және электр тарапы мен медицинада көп сөздерді ағылшын тілімен сәйкес жүреміз. Сондықтан бізге мағынасын түсінуге өте жеңіл. Электротехника колледжі болғаннан кейін техникалық, электроника және инженерлік терминдерден бастасақ деген ойдамыз.