ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 10 картасы әзірленді

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 10 картасы әзірленді

Үкіметте агроөнеркәсіптік кешенді дамыту карталары таныстырылды.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғановтың мәліметінше, 10 бағыт бойынша даму карталары дайын, тағы екеуі пысықталып жатыр. Министрлік қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9-дан 3 трлн теңгеге дейін ұлғайту үшін 79 жаңа зауыт салу керек екенін айтады. Сала тозған теxниканың кесірінен жиын-терім науқанында 200 млрд теңге шығын көрген. Теxникалық паркті жаңарту үшін 5 пайыздық несие беру бағдарламасы енгізілмек. Жалпы саланы қаржыландыру түбегейлі өзгермек. Осы уақытқа дейін беріліп келген субсидиялар арзандатылған несиемен алмастырылады. Субсидиялаудың тиімділігін арттыру мақсатында биыл субсидияның 65 түрі қайта қаралған. 11 тиімсіз субсидия алынып тасталып, 40-ы бойынша критерийлер өзгертілген.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

– Субсидияның 65 түрі болған. Бүгінде соның 11-і алынып тасталды. 2018 жылы бюджетте салаға берілетін субсидия көлемі – 224 млрд теңге. Қазір қай субсидияның тиімсіз екенін анықтап жатырмыз. Субсидиядан қолжетімді несиелеуге кезең-кезеңмен көшеміз.