ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сириядан қазақстандық отбасы қайтарылды

Сириядан қазақстандық отбасы қайтарылды

Шешен Республикасының Грозный қаласына Сириядағы жанжал аумағынан құтқарылған 40 адам жеткізілді.

Соның бесеуі – қазақстандықтар. Олар – 1988 жылы дүниеге келген Орал қаласының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған 4 баласы. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов жариялады.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Оларды Грозный қаласының әуежайында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізілетін болады. Балалардың ең кішісі осы жылғы болса, ал ең үлкені 2012 жылы туған.

Құтқарылған 40 адамның 12-сі – әйел, 29-ы – бала. Арасында Өзбекстан, Дағыстан, Башқұртстан, Ингушетия елдерінің азаматтары бар. Жалпы тамыз айынан бері Сириядағы қақтығыс аймақтарынан 87 адам, оның ішінде 23 әйел құтқарылды.