ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Павлодар-Баянауыл әуе қатынасы қайта жанданды

Павлодар-Баянауыл әуе қатынасы қайта жанданды

Павлодар облысының Баянауыл өңіріне алғашқы ұшақ қонды.

Өлкенің туристік әлеуетін арттыру мақсатында араға 25 жыл салып Павлодар-Баянауыл әуе қатынасы қайта жанданды. Енді жолаушылар 16 орындық ұшақпен Баянауыл өңіріне 40 минуттың ішінде жете алады. Алғашқы рейсті бұл салада тәжірибесі мол «Жезқазған Эйр» компаниясы жүзеге асырды. Алдағы уақытта Қарағанды-Баянауыл бағытына да жол ашылмақ. Мамандардың айтуынша, жергілікті аэродром барлық талаптарға сай.