ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтауда қоғамдық қордың қолдауымен әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашылды

Ақтауда қоғамдық қордың қолдауымен әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашылды

Бұрын бұл қызметпен тек мемлекеттік органдар айналысатын.

Батыр ана Гүлбаршын Қарабалина басқаратын орталық негізінен мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттарға көмектеседі. Қызметкерлері мүгедек балаларға тегін массаж жасап, массаж жасаудың әдістерін олардың аналарына да үйретеді. Ал қариялар дене шынықтырумен айналысып, қолдан түрлі бұйым жасауды меңгеріп жатыр. Жақын күндері орталықта арбаға танылған жандарға би үйрететін үйірме ашылмақ. Гүлбаршын Қарабалина болашақта бала күтушілер орталығын құруды да жоспарлап отыр. Бұл тығыз шаруасы шығып қалған жағдайда мүгедек баласын еш жерге тастай алмайтын аналар үшін таптырмас орталық болмақ.

Гүлбаршын Қарабалина, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

– Президентіміз Жолдауында «кейбір халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бәсекелес ортаға берілу керек» деген болатын. Көптеген дамыған Еуропа елдері мен АҚШ мемлекетінде мұндай қызметтерді үкіметтік емес ұйымдар көрсетеді. Яғни бұл дегеніміз, бәсекелестік бар жерде сапа болады және әр мекеме өзінің сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.