ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қостанайлық мамандар ишара және қимыл тілінің қазақша үлгісін жасап шығарды

Қостанайлық мамандар ишара және қимыл тілінің қазақша үлгісін жасап шығарды

Құлағы мүкіс жандарға арналған жаңа жобаның электронды нұсқасы да дайын.

Бұл сайтқа екі мыңнан астам қазақ сөзі енгізілген. Бейнежазбада әрбір әріп белгісі, әр сөздің мағынасы ишара, қимыл-қозғалыс арқылы жеткізіледі. Сондай-ақ есту қабілеті бұзылған балалар үшін ертегі, мақал-мәтел, өлеңдердің де аудармасы берілген. Оның бәрін қазақша ым-ишарат тілінде әзірлеуге «Хабар» Агенттігінің сурдоаудармашылары да үлкен үлес қосты.

Сәуле Берік, техника ғылымдарының кандидаты:

– Қазақша нұсқада ерекшелік бар. Мысалы, көрші деген сөзді біз басқаша, ал Ресей елінде осы қимыл-қозғалысты мүлде басқаша көрсетеді. Ым-ишарат тілінде мен өзім 20-дан астам сөздерді енгіздім. Болашақта тек қазақ тілінде ғана емес, латын әліпбиінде бұл бағдарламаны жүзеге асырамыз.