ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Павлодар кітапханаларында мемлекеттік қызмет көрсетіле бастады

Павлодар кітапханаларында мемлекеттік қызмет көрсетіле бастады

Ертіс өңірінің кітапханалары халыққа мемлекеттік қызмет көрсете бастады.

Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатын көздеген жоба аясында Павлодар қаласының 15 мәдени ошағында арнайы бөлімшелер ашылды. Енді азаматтар қандай да бір анықтамаларды алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, жақын жерден ала алады.

Бүгінгі күнге дейін 30-ға жуық кітапханашы оқыту курстарынан өтті. «Қызметті өзің ал» жобасы шеңберінде кез келген тұрғын электронды үкіметтің қыр-сырын меңгере алады.

Мамандардың айтуынша, павлодарлықтардың арасында түрлі анықтама алу сияқты қызмет түрі жоғары сұранысқа ие. Алдағы уақытта осы тектес оқыту бөлімдері ауылдық жерлердегі кітапханаларда да ашылмақ.

Индира Елеусізова, кітапханашы:

- Алдымен электронды үкіметтің қыр-сырын меңгердік. Бірнеше күннің ішінде электронды қолтаңбаның көмегімен мемлекеттік қызмет түрлерін алуды үйрендік. Енді оқырмандарымызға қосымша қызмет көрсетумен қатар, оларды да үйрету мүмкіндігіне ие болдық.