×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

СҚО шаруалары өз өнімдерін еш жерге өткізе алмай жатыр

СҚО шаруалары өз өнімдерін еш жерге өткізе алмай жатыр

Ел қамбасының үштен бірін астыққа толтыратын Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары өз өнімдерін еш жерге өткізе алмай жатыр.

Өйткені астыққа деген баға соңғы кездері күрт төмендеп кеткен. Мәселен, бүгінде 3-ші класты бидайдың бір тоннасы небәрі 32 мың теңгеге бағаланып отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Диқандар астықты уақытылы өткізе алмаған соң, шығынға батуда.

Осы күнге дейін солтүстіктің бидайы Қытай, Түркия, Иран сынды мемлекеттерге экспортталған еді. Енді аталған елдердің нарығына Ресейдің бидайы шығып жатыр. Оның үстіне өңірде астық тасымалдайтын вагондар да жетіспейді. Себебі олардың басым бөлігі ресейлік компаниялардың қарамағында.

Жалпы биыл солтүстікқазақстандық шаруалар 5 млн 600 мың тоннадан астам астық жинап, елімізде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген болатын.

Сайлау Сұлтанғалиев, фермер:

- Қазіргі таңда бәрі қымбаттап жатыр. Қысқы дизель отынының бір литрі 200 теңгенің шамасында. Ал бидайдың бағасы керісінше төмендеп кетті. Бұл әсіресе біз секілді шаруаларға қиындық туғызып отыр. Қызметкерлерімізге жалақы беріп, мемлекетке салық төлеуіміз керек. Несиеміз тағы бар. Сондықтан осы мәселе тезірек шешілсе дейміз.

Нияз Ыбраев, «Қазақстан фермерлері одағы» СҚОФ төрағасы:

- Жинап алған бидайға баға болмай тұр. Оның бір себебі мынау. Ресей біздің жыл сайынғы егінді сатып алатын. Олар биыл 15-16 жылда болмаған егін алды. Қазір оларға біздің егіннің керегі жоқ. Өздерінің егіні жетеді.