ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ОҚО-да жол қауіпсіздігі апталығы өтуде

ОҚО-да жол қауіпсіздігі апталығы өтуде

Бұл – БҰҰ қаулысына сәйкес, жыл сайын қараша айының үшінші аптасында ұйымдастырылатын шара.

Аптаның алғашқы күні жолдағы жүргіншілердің қозғалыс ережесін сақтауға арналған. Дүйсенбі күн «Айқын бол!» деген тақырыппен өтті. Осы күні ондаған жол жүру ережесін бұзу жағдайлары анықталды.

Сейсенбінің тақырыбы «Сіздің жолаушыңыз – бала!» деп аталды. Осылай аптаның әр күніне назар аударылуы тиіс тақырып таңдалған. Шара өңірдегі жол қауіпсіздін күшейтіп, тәртіпті сақтау арқылы жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған. Өткен 10 айдың ішінде облыста 1 724 жол-көлік оқиғасы болған екен.

Ерғали Ерманов, ОҚО ІІД ЖПҚ жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы:

- Кәмелетке толмаған 40 азамат қайтыс болған. 565 азаматшаның әртүрлі дене жарақатын алғаны туралы факт тіркелген.