×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Германияда Қазақстан экономикасының апталығы өтіп жатыр

Германияда Қазақстан экономикасының апталығы өтіп жатыр

Мұндағы бірқатар ірі қала кәсіпкерлеріне еліміздің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады.

Конференцияға Германия мен Шығыс Еуропаның кәсіпкерлері жиналды. Ішінде 300-ден аса кәсіпорын өкілдері бар.

Олар әлемдік нарықтағы жағдайды сөз етіп, бірқатар экономикалық мәселені талқылады. Басқосуда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі де таныстырылды. Неміс кәсіпкерлері қазақстандық нарыққа қызыға қарайтынын жасырмайды.

Өйткені бізде шетелдік инвесторлар мен бизнесмендер үшін кедендік және салықтық жеңілдіктер қарастырылған әрі оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Делегаттардың айтуынша, мұның бәрі Қазақстанды тартымды ете түседі.

Михаэль Хармс, Германия экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры:

– Сіздің ел өзінің зор әлеуетін әлемге танытып келеді. Қазақстан өкілінің сөйлеген сөзі өнеркәсіптегі инвестициялық мүмкіндіктерін тамаша көрсете алды. Меніңше, бұл жағдай қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Біз ортақ ірі жобаларды күтеміз. Жуырда Сочиде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бизнес-диалог жүргіздік. Оны желтоқсанда қайта жалғастырамыз деп ойлаймын.